Неміс алыбы Volkswagen Германияда зауыттарын жауып жатыр

0
242

Volkswagen мен кәсіподақ басшылары арасындағы келесі келіссөздер сәрсенбіге жоспарланған.


Неміс алыбы Volkswagen Германияда зауыттарын жауып жатыр

Фото: Aussiedlerbote

ERNUR.KZ. Volkswagen басшылығы кем дегенде үш зауытты жауып, ондаған мың жұмыс орнын қысқартқысы келеді, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар қалған қызметкерлердің жалақысын 10%-ға қысқарту да қарастырылып жатыр, делінген Вольфсбургтегі топтың өндірістік кеңесі мәлімдемесінде.

Аталмыш құжатта айтылғандай, көптеген тапсырмалар мен тұтас бөлімдердің қызметі сыртқы қызмет көрсетушілерге беріледі.

Volkswagen үш айға жетер-жетпес уақыт аралығында екінші рет пайда көрмей жатқаны туралы ескерту жасағаннан кейін жоғарыдағы хабарламаны жариялап отыр.

Қытай мен Еуропа нарығындағы сұраныстың азаюы, сондай-ақ электромобильдерге көшу үрдісі өндірушінің кірісіне кері әсерін тигізген.

Басқарма сондай-ақ ұжымдық келіссөздерге қатысқаны үшін ай сайынғы 167 еуро сыйақы мен басқа да бонустарды алып тастағысы келеді.