Нидерландта бес фирма бомба салынған сәлемдеме алды

0
843

Сәлемдемеде СІВ қарыздарды өтеп алатын ұйымның хаты және оның Роттердамдағы мекенжайы көрсетілген.


Нидерландта бес фирма бомба салынған сәлемдеме алды

ERNUR.KZ. Соңғы апта ішінде Амстердам, Роттердам және Утрехтегі компаниялар ішінде бомба бар сәлемдеме алды, деп жазады baq.kz.

Сәлемдемені екі жанармай станциясы, қонақүй, көлік сататын кәсіпорын және Амстердам, Роттердам мен Утрехте жылжымайтын мүлік сататын агенттік алған. Ешбір құрылғы жарылмады.

Сәлемдемеде СІВ қарыздарды өтеп алатын ұйымның хаты және оның Роттердамдағы мекенжайы көрсетілген. Сонымен қатар, СІВ штаб-пәтерінде де осындай сәлемдеме табылған.

Қазір күдіктілерді тінту жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, Жапониядағы Оңтүстік Кореяның елшілігі ішіне оқ салынған хат алған болатын.