​Нью-Йорк әуежайында жолаушылар ұшағы өрт сөндіру көлігіне соқтығысты

0
158

Ұшақта шамамен 100 жолаушы болған.


​Нью-Йорк әуежайында жолаушылар ұшағы өрт сөндіру көлігіне соқтығысты

Фото: Reuters

ERNUR.KZ. Air Canada әуе компаниясының Bombardier CRJ-900 лайнері Нью-Йорктің Ла-Гуардия әуежайына қону кезінде өрт сөндіру көлігін соқты, деп жазады inform.kz.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 23:40-та болды. The New York Post газетінің хабарлауынша, кем дегенде екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алды.

Ұшақта шамамен 100 жолаушы болған. Оларды эвакуациялады, жолаушылар арасында зардап шеккендер бар-жоғы әзірге белгісіз.
Оқиға орнынан түскен суреттерде ұшақтың алдыңғы бөлігі қатты зақымданғаны көрінеді. Соқтығысу ұшу-қону жолағында қатты жаңбыр жауып, көріну нашар болған кезде болды.
Қазір Ла-Гуардия әуежайы жабық, келетін рейстер басқа әуежайларға бағытталды. Әуежай тек жергілікті уақыт бойынша 18:00-де қайта ашылуы мүмкін деп хабарланды.
Бұдан бұрын Парсы шығанағында Қатар әскери тікұшағы апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.