Ол ақшаны 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс.
ERNUR.KZ. Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовті 140 мың доллар төлеуге міндеттеді, деп жазады Tengrinews.kz.
Әділет министрлігінің мәліметінше, Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әблязовке қатысты қосымша санкциялар салу туралы шешім қабылдады.
"2019 жылғы шілдеде сот Талапкерлердің М. Әблязовке қатысты сот процесіне қатысудан және дәлелдемелерді ашудан бас тартқаны үшін қосымша санкция салу туралы өтінішін қанағаттандырды. Сондай-ақ, сот алдағы алқа билердің қатысуымен өтетін қорытынды сот процесінде М. Әблязовке өзін ақтау үшін жаңа дәлелдемерді ұсынуға рұқсат бермеу туралы ұсынысын білдірді. Бұл санкция алқа билер сотына Әблязовпен оның кінәсін дәлелдейтін дәйектерді жасыру туралы нұсқаулық", - делінген хабарламада.
Осылайша, 2020 жылдың 7 ақпанында сот Әблязовтен 140 115,60 АҚШ долларын өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Сот шешіміне сәйкес Әблязов 140 115,60 АҚШ долларын 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс.
Еске салайық, Қазақстанда Әблязов "БТА Банкінен" шамамен 7 миллиард доллар ұрлағаны үшін 20 жылға, ал былтыр - банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына сырттай сотталды.