Омикроннан алғашқы адам өлімі Ұлыбританияда тіркелді

0
505

Қазір корольдіктегі эпидахуал күрделі.


Омикроннан алғашқы адам өлімі Ұлыбританияда тіркелді

ERNUR.KZ. Әлемде омикроннан алғашқы адам өлімі тіркелді. Ұлыбританияда жаңа штамды жұқтырған науқас көз жұмған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жалпы, қазір корольдіктегі эпидахуал күрделі. Әсіресе, Лондонда омикрон жұқтырғандар көп. Өткен айда анықталған жаңа штамның бүгінде әлемнің 60-тан аса еліне таралып үлгергені белгілі.

Ұлыбританияда коронавирусқа қатысты қауіп үшінші деңгейден төртіншіге дейін көтерілді. Оған омикрон штамының тез таралуы себеп. Қазір ел астанасы Лондондағы вирус жұқтыру деректерінің 40 проценті жаңа штаммен байланысты.

Жалпы, әлемдегі ең үлкен тәуліктік өсім осы корольдікте тіркелген. Сондықтан билік халықты қайта вакциналауға белсенді қатысуға шақырып отыр.

«Сарапшылардың айтуынша, вирустың жаңа штамынан тек ревакцинация арқылы құтыла аламыз. Біреулер бустерлік дозаны алар алдында зерттеу жұмыстарының нәтижесін күтпекші. Алайда менің ойымша ревакцинация қажет шара. Омикрон денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Қазір вирус өте тез тарап барады. Оңтүстік Африка Республикасында бір аптаның ішінде дертке шалдыққандардың саны екі есеге артып кетті. Омикрон біздің елде де тіркелді», - дейді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.

Ең үлкен тәуліктік өсім тіркелген елдердің бестігінде Ресей де бар. Көрші елде пандемия басталғалы расталған деректер саны 10 миллиондық межеден асып кетті.

Десе де мамандар кейінгі уақытта вирустың таралуы бәсеңдей бастағанын айтады. Кісі өлімі де азайған. Алайда сарапшылар босаңсуға әлі ерте дейді. Өйткені омикронға қатысты қауіп сейілмей тұр.