​Оңтүстік Кореяда 167 жолаушысы бар ұшақ түгелдей жанып кетті

0
146

Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланып, бәрі аман қалған.


​Оңтүстік Кореяда 167 жолаушысы бар ұшақ түгелдей жанып кетті

Фото: 24 kz

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда 170-тен аса адам мінген ұшақ түгелдей өртеніп кетті, деп жазады inform.kz.

Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланып, бәрі аман қалған. Оқиға Пусан қаласының әуежайында болған. Гонконгқа бет алған лайнер тура ұшар алдында өртенген. Оттың неден тұтанғаны белгісіз.

Айта кетейік, бір ай бұрын Оңтүстік Кореяның Муан қаласының әуежайында дөңгелегі ашылмай қонған ұшақ бетон қоршауға соғылғаннан кейін бірден жарылып, өртенген еді. Салдарынан 181 адамның тек екеуі ғана тірі қалды. Алдын ала мәлімет бойынша апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ қозғалтқыштарынан құс қауырсындары мен қаны анықталғанын жазған болатынбыз.