Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

0
271

Корей телеарнасы соқтығысудан кейін бірден тұтанған ауқымды өрт кадрларын көрсетті.


Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. Таиландтан Оңтүстік Кореяға бағыт алған ұшақ бортында 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 62 адам қаза тапты, қаза тапқандар саны артуы мүмкін, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады.

Агенттігінің хабарлауынша, Jeju Air ұшағы Бангкоктан ұшып шыққан. Елдің оңтүстік-батысындағы Сеулден 288 шақырым жерде орналасқан Муан әуежайына қону кезінде ол ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.

Корей телеарнасы соқтығысудан кейін бірден тұтанған ауқымды өрт кадрларын көрсетті.

Өрт сөндірушілер оқиғадан кейін бірден құтқару жұмыстарын бастады. Алғашында Yonhap агенттігі 28 адам қайтыс болды деп хабарланғанымен, кейінірек расталған құрбандар саны 62 адамға жетті.

“Әзірге аман қалған екі адам бар: ұлттық өрт сөндіру қызметі бір жолаушы мен бір экипаж мүшесін құтқара алғанын айтты. Жолаушылардың көпшілігі, яғни 173 адам Оңтүстік Корея азаматтары, тағы екеуі Тайланд азаматтары”, деп жазды Yonhap.

Оқиғаның себебі әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақ құстармен соқтығысқандықтан басқаруды жоғалтқан болуы мүмкін. Мамандардың пікірінше, шассиді басқару жүйесі осы себепті істен шыққан.