Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: Қара жәшіктер қайғылы жағдай болған сәтті жазбаған

0
127


Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: Қара жәшіктер қайғылы жағдай болған сәтті жазбаған

ERNUR.KZ Өткен жылдың 29 желтоқсанында Муан әуежайында апатқа ұшыраған оңтүстіккореялық Boeing ұшағының қара жәшіктері апат сәтін жазбаған, деп жазады Stan.kz.

Кореяның көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақ жерге соғылғанға дейін төрт минут бұрын рейстіркегіштер тоқтаған. Олардың тоқтау себебі анықталып жатыр.

“Ұшқыштардың сөйлесу жазбалары мен қара жәшіктің оны оқуы апаттың себептерін анықтау үшін маңызды деректер болуы мүмкін еді”, – делінген министрлік хабарламасында.


Тергеу тобының хабарлауынша, диспетчерлер ұшқыштарға құстардың соғу қаупі туралы ескерткен. Ал ұшқыштар апатқа дейін қозғалтқыштарға құстардың кіріп кеткені туралы сигнал берген. Содан кейін ол апатты жағдайда қонбақ болған. Дегенмен бұл әрекет сәтсіз аяқталған.