Тірі қалғандардың біреуі жолаушы, біреуі экипаж мүшесі екен.
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайында болған ұшақ апатынан тек екі адам тірі қалды, деп жазады Stan.kz.
Оңтүстік Кореяда Муан әуежайына қонған кезде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған еді. Борттағы 181 адамның 179-ы мерт болды. Әзірге жолаушылар мен экипаж мүшелері туралы ақпарат жоқ. Бірақ 179-ы оңтүстік кореялық, ал екеуі Таиланд азаматтары екені белгілі.
Тірі қалғандардың біреуі жолаушы, біреуі экипаж мүшесі екен.