Оңтүстік Кореядағы жол апатында Қазақстанның 4 азаматы мерт болды – шетелдік БАҚ

0
322

Полиция апаттың нақты неден болғанын анықтап жатыр.


Оңтүстік Кореядағы жол апатында Қазақстанның 4 азаматы мерт болды – шетелдік БАҚ

Фото: GYEONGGI FIRE SERVICES

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Сохэан автомагистралінде Қазақстанның 4 азаматы мінген көлік жардан құлап, салонда болған барлығы мерт болды, деп жазады kaz.inform.kz.


Оңтүстіккорейлік басылымның жазуынша, 4 адам отырған Mercedes-Benz көлігі жергілікті уақыт бойынша шамамен 00:30-да Кенгидо өлкесінің Хвасон қаласында жолдың оң жақ бетіндегі қоршауға созылған. Содан кейін көлік бірнеше метр төмен құлап, өртенген.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алысымен өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл аттанған. Олар апаттан кейінгі 30 минуттың ішінде өртті сөндірген. Қираған көліктен 4 адамның мәйіті табылған.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де мерт болғандардың аты-жөні анықталмаған. Полиция апаттың нақты неден болғанын анықтап жатыр.

Kazinform реакциясы еліміздің Сыртқы істер министрлігінен осы жайтқа байланысты мәлімет сұратты. Ведомствоның жауабы күтілуде.