Өзбекстан балалар қайтыс болғаннан кейін тағы бір дәріні сатуды тоқтатты

0
619

Бұған дейін Док-1 Maкс шәрбаты сатылымнан алынып тасталды.


Өзбекстан балалар қайтыс болғаннан кейін тағы бір дәріні сатуды тоқтатты

ERNUR.KZ. Өзбекстан "Амбронол" жөтелге қарсы сиробын сатуды тоқтатты. Себебі ол 19 баланың өмірін қиған "Док-1 Mакс" шығаратын үндістандық Marion Biotech өндірушісінің кезекті препараты, деп жазады zakon.kz.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Фармацевтика өнеркәсібін дамыту агенттігі дәрі-дәрмек сатумен айналысатын көтерме сауда ұйымдарынан үнділік Marion Biotech компаниясы шығарған жөтелге қарсы "Амбронол" сиропын қайтарып алуды сұрады.
Агенттікке қарасты Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының мәліметінше, Өзбекстанға әкелінген және айналымдағы AABZ2204 сериялы Амбронол шәрбаты "Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейді" деп танылды.
Өзбекстан Министрлер Кабинетінің 2017 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, Фармацевтика агенттігі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың зиян әсерін анықтаған кезде оларды өндіруді, әкелуді және өткізуді белгіленген тәртіппен тоқтатуды қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты агенттік көтерме фармацевтикалық ұйымдардан дәрі-дәрмектің сатылуын тоқтатуды, оны дәріханалардан қайтарып алу шараларын қабылдауды, ал дәріханалардан "Амбронолды" тез арада дистрибьютор-жеткізушіге қайтаруды және қабылданған шараларды бір күнде хабарлауды сұрады.
Бұл - Өзбекстанда сатылуы тоқтатылған Marion Biotech компаниясының екінші препараты. Бұған дейін Док-1 Maкс шәрбаты сатылымнан алынып тасталды, содан кейін кем дегенде 19 адам қайтыс болды.
Үндістан билігі дәріні өндіруші Marion Biotech фармацевтикалық компаниясына қарсы іс қозғады. Препарат туралы ақпарат Quramax Medical препаратын импорттаушының сайтында бейсенбіге дейін сақталды. Сайт қазір қолжетімсіз.