Үкімет елде көлік қатынасын тежеп, 65 жастан асқан тұрғындар үшін оқшаулану режимін енгізді.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда бір тәулікте 700-ден аса адам Ковид-19 жұқтырды. Қазір елде індетке шалдыққан дімкәс жандардың қатары 22 мыңнан асты, деп жазады 24.kz.
100-ден астам науқас көз жұмды. Сәуір айының соңында жергілікті билік карантин режимін жеңілдете бастаған еді. Шілдеде қауіпті індет қайта өрши түсті.
Үкімет елде көлік қатынасын тежеп, 65 жастан асқан тұрғындар үшін оқшаулану режимін енгізді. Аймақтағы сауда орындары мен сән салондары, фитнес-клубтар мен өзге де ғимараттар жұмысын қайта тоқтатты.