Қазіргі уақытта осы аурудан 30 адам толықтай емделіп шықты.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 390 адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 390 адамды құрап отыр. Оның ішінде 188 ер адам және 202 әйел.
Жас ерекшеліктері бойынша науқастар арасында:
0-9 жасар 10 адам (2,6%);
10-19 жас – 15 (3,8%);
20-29 жас – 59 (15,1%);
30-39 жас – 111 (28,5%);
40-49 жас – 123 (31,5%);
50-59 жас – 48 (12,3%);
60-69 жас – 17 (4,4%);
70-79 жас – 6 (1,5%);
80 жастағы – 1 (0,3%) адам.
Қазіргі уақытта 170 науқас Ташкент қаласында, 64 – Ферғанада, 61 – Әндіжанда, 48 – Наманганда, 19 – Бұқарада, 18 – Хорезмде, 6 – Қашқадарияда, 2 – Қарақалпақстан Республикасында, 2 – Навои облысында инфекциялық ауруларды емдеуге маманданған медициналық мекемелерде ем алуда.
Қазіргі уақытта осы аурудан 30 адам толықтай емделіп шықты. 31 науқаста пневмония бар. Оның ішінде 9 науқастың жағдайы орташа ауыр болса, екеуі – ауыр халде жатыр.