Қазақстанмен шектесетін облыстарда да алқаптарға ауыз салған.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Өзбекстанда шегіртке шабуылы толастамай тұр. Диқандарды алаңдатқан зиянкес жәндік бүгінде елдің барлық аумағына дерлік жайылған, деп жазады zakon.kz.
Әсіресе "Сексеуіл бүкір" шегірткесі жасыл желекті жайпап барады. Дәрілеу жұмыстары жүргізілсе де, бой берер емес.
Қазақстанмен шектесетін облыстарда да алқаптарға ауыз салған. Бүгінге дейін 680 мың гектардай аумақта зерттеу жүргізіліп, 390 мың гектар жер арнайы өңдеуден өтті.
Мыңнан астам бүркігіш техника алқаптарда дәрі шашып жүр. Биыл көрші ел зиянкеспен күресу шараларына дрондарды да пайдалануға көшкен.
Жергілікті тұрғындар шегірткенің шабуылы тоқтамаса, шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдаулы. Өсімдік қорғау мамандары жағдай бақылауда дейді.