Таулы аймақтағы жолдарда қалың тұман түсіп, көлік қатынасы қиындап, жол апаты көбейген.
Фото: akorda.kz
ERNUR.KZ. Жызақ облысында өзендер арнасынан асып сел жүрді. Лай көшкіні мен қиыршық тастар жолды жауып, көлік қозғалысы уақытша тоқтады. Абырой болғанда адамдар аман, деп жазады zakon.kz.
Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік өкілдері су тасқынының зардабын жоюға кіріскен. Қора жайлар мен баспаналарға қаншалықты зиян келгені анықталып жатыр.
Гидрометеорологиялық қызмет алдағы күндері елдің 9 облысында су тасқыны болу қаупі бар екені жайлы ресми хабарлама таратты.
Таулы аймақ тұрғындарына, демалушылар мен туристерге қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.