Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі екі өнімнің үлгілеріне зертханалық талдау жүргізген кезде екі өнімде де ластаушы заттар ретінде рұқсат етілмейтін мөлшерде диэтиленгликоль және/немесе этиленгликоль бар екенін көрсетті.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Өзбекстанда 20 баланың өмірін қиған үндістандық "Док-1 Макс" және "Амбронол" препараттарына қатысты ескерту жасады, деп жазады zakon.kz.
ДДҰ пациенттерге зиян келтірмеу үшін осы сапасыз өнімдерді анықтау және айналымнан шығару маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ ұйым мемлекеттер басшыларынан осы өнімдер жеткізілуі мүмкін елдер мен өңірлердегі жеткізу тізбегіне бақылауды күшейтуді сұрады.
"Сұйық дәрілік заттарды өндірушілерге, әсіресе пропиленгликоль, полиэтиленгликоль, сорбитол және/немесе глицеринді қоса алғанда, қосалқы заттары бар сироптарға, дәрілік препараттарда қолданар алдында этиленгликоль және диэтиленгликоль сияқты ластаушы заттардың бар-жоғын тексеруге қатаң кеңес беріледі", - деді ДДСҰ.
Денсаулық сақтау ұйымы барлық медициналық өнімдерді уәкілетті жеткізушілер мақұлдау керек деді.
Өзбекстан үнді өндірушісінен сироп алған 20 баланың өлімін растады. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде препараттың партиясынан нормадан 300 есе жоғары мөлшерде улы зат – этиленгликоль анықталды.