Өзбекстандағы өртте қаза тапқандар саны 4-ке жетті

0
101

Бұл туралы бүгін ӨР Ферғана облысының Ішкі істер басқармасы ресми ақпарат таратты.


Өзбекстандағы өртте қаза тапқандар саны 4-ке жетті

ERNUR.KZ. UzA мәліметінше, кеше, 17 желтоқсан күні сағат 13:45–те Ферғана қаласындағы «Petrolium» пропан газ құю бекетінде газ құю процесінде жарылыс болып, өрт шыққан, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Кеше 1 азамат оқиға орнында көз жұмды, бірнеше адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Облыстық ІІБ ресми ақпараты бойынша олардың 3-еуі көрсетілген медициналық көмекке қарамастан ауруханада көз жұмды”, — делінген хабарламада.
Бұл жағдайға байланысты Ферғана облысының Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 5 адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бір адам көз жұмғанын жазған едік.