Өзбекстандықтар қоғамдық орындарда бетпердесіз жүре алады

0
859

Қазір көрші елде екпе алғандардың саны 1 млн 412 мыңнан асты.


Өзбекстандықтар қоғамдық орындарда бетпердесіз жүре алады

ERNUR.KZ. Өзбекстандықтар бетпердесіз қоғамдық орындарда қашан еркін жүре алатындығы белгілі болды, деп жазады 24.kz.

Ол жайында көрші елдегі коронавирусқа қарсы күрес штабының мүшесі Севара Убайдуллаева мәлімдеді. Қазір көрші елде екпе алғандардың саны 1 млн 412 мыңнан асты.

Оның 1 млн 125 мыңы вакцинаның алғашқы компонентін ғана алса, қалған 286 мыңнан астам азамат екпенің екі дозасын қабылдаған.

"Қоғамдық орындарда маскасыз жүру үшін халықтың 60-70% COVID-19-ға қарсы екпе алулары қажет. Содан кейін ғана өзбекстандықтар көшеде, қоғамдық тамақтандыру орындарында бетпердесіз жүре алады. Сондай ақ әлеуметтік қашықтықты сақтамауларына да болады. Ол үшін ешкім айыппұл салмайды", - дейді коронавирусқа қарсы күрес штабының мүшесі Севара Убайдуллаева.