​Өзбекстанның 2 азаматы балаларды кепілдікке алып, ақша талап етті

0
1 131

Бейтаныс еркектерден амалын тауып қашып шыққан әйелдер 5 және 7 жастағы балалардың іште қалып кеткенін байқаған.


​Өзбекстанның 2 азаматы балаларды кепілдікке алып, ақша талап етті

ERNUR.KZ. Өзбекстанның екі азаматы әйелдерді тонамақ болып олардың екі баласын кепілдікке алды, деп жазады ca-news.org.

Оқиға Ресейде, Мәскеу қаласында болған. Мәскеуде уақытша тұрып жатқан 1993 жылы туған Өзбекстан азаматшасы екі құрбысымен үйінде отырғанда, түнгі 23:00 шамасында пәсерге екі ер адам басып кіреді. Қолдарында пышағы бар олар әйелдерден ақша, бағалы заттар мен телефондарын талап еткен.

Бейтаныс еркектерден амалын тауып қашып шыққан әйелдер 5 және 7 жастағы балалардың іште қалып кеткенін байқаған. Олар есікті іштен жауып алып, қайта байланысқа шықпай қойған.

Түнгі 03:30 шамасында арнайы жасақ келіп есікті механикалық бұзу арқылы ашып, іштегі екі азамат құрықталды. Олар да Өзбекстан азаматтары болып шыққан. 1989 жылы және 1990 жылғы туған азаматтардың бірі ұрлық жасағаны үшін бұрын жазаға тартылған болып шықты.