Өзінің гей екенін айтқан жігітті ағалары өлтіріп қойды

0
943

20 жастағы жігіт Иран армиясына шақырылмауы үшін өзінің гей екенін айтқан.


Өзінің гей екенін айтқан жігітті ағалары өлтіріп қойды

ERNUR.KZ. 20 жастағы ирандық әскерге бармас үшін, өзінің гей екенін айтқан. Осыдан кейін қайғылы оқиға орын алды, деп жазады Stan.kz.

Гей жігітті екі немере және бір өгей ағасы өлтірген. Күдіктілер туысының гомосексуализмі туралы үйіне пошта арқылы келген мекеменің анықтамасынан біліпті. 20 жастағы жігіт Иран армиясына шақырылмауы үшін өзінің гей екенін айтқан.

Қаза тапқан Али Фазели отбасымен бірге тұрмайды екен. Ол армия құжаттарын алу үшін үйге келгенде, ағайындылар көлікке апарып, басын кесіп алған. Содан кейін олар анасына қоңырау шалып, жалғыз ұлының денесін қайдан іздеу керектігін айтқан.

Күдіктілер ұсталды. Адам құқықтары жөніндегі топтар қайғылы жағдайға наразы және Иран басшылығына мемлекет жыныстық азшылықтарды қоғамдық шабуылдардан қорғамайды, керісінше қоғамдағы осындай көңіл-күйге ықпал етеді деп айыптайды.