Пәкістанда автобусқа жасалған шабуыл салдарынан 9 адам қаза тапты

0
704

25 адам жарақат алды.


Пәкістанда автобусқа жасалған шабуыл салдарынан 9 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Пәкістанның солтүстігіндегі Чилас қаласында қару асынған адамдар жолаушылар автобусына шабуыл жасап, салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, 25 адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, автобус оққа ұшқаннан кейін ол жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Оның жүргізушісі де қаза болды.

Қазіргі уақытта қаза тапқандарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.