Қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, тағы 53 адам жарақат алды.
ERNUR.KZ. Пәкістанның Кветта қаласында теміржол вокзалында жарылыс болды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс теміржол вокзалында таңғы сағат 08:25-те, Jaffer Express пойызы Кветтадан Пешаварға аттанар алдында болған.
CNN арнасының хабарлауынша, шабуылды сепаратистік Белуджистан азат ету армиясы (BLA) тобы өз мойнына алды.
«Теміржол вокзалындағы жарылыс өзін жарып жіберген жанкештінің салдарынан болды», - деді полиция.
Қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, тағы 53 адам жарақат алды.
"Жарылыстан астаң-кестеңіміз шықты. Адамдар жүгіріп, айғайлап жатты, кейбіреулері өлі жатыр, кейбіреулерінің қолдары мен аяғы жоқ", - деді Фарид есімді куәгер CNN телеарнасына.
Қаза тапқандар арасында жолаушылар, вокзал қызметкерлері мен қауіпсіздік күштері бар. Жергілікті қауіпсіздік күштері аумақты қоршауға алды, тергеу жүріп жатыр.