Шымкентте үш күндік АІ BOOTCAMP өтті

0
105

Қатысушылар ChatGPT көмегімен идея мен сценарий әзірлеп, AI құралдары арқылы визуалдар жасады.


Шымкентте үш күндік АІ BOOTCAMP өтті

28-30 қыркүйек аралығында Shymkent Hub-та студенттерге арналған үш күндік AI Bootcamp ұйымдастырылды. 20 студент үш күн бойы жасанды интеллект құралдарының көмегімен заманауи видеоконтент жасауды үйренді.

Bootcamp барысында қатысушылар 3 түрлі AI құралын пайдаланып, идеядан дайын видеоға дейінгі процесті тәжірибе жүзінде меңгерді.
Қатысушылар ChatGPT көмегімен идея мен сценарий әзірлеп, AI құралдары арқылы визуалдар жасады. Сонымен қатар, Higgsfield және басқа да заманауи құралдармен жұмыс істеп, өз идеяларын дайын видеожобаларға айналдырды.
Үш күн ішінде студенттер жасанды интеллект мүмкіндіктерін теория жүзінде ғана емес, практикада қолданып, өз қолдарымен AI көмегімен видеолар жасап шықты.
Нәтижесінде қатысушылар жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, креативті контент жасаудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Бөлісу