Пәкістанның солтүстігінде үйдің шатыры құлап, тоғыз адам мерт болды

0
398

Басылымның жазуынша, оқиға жексенбі күні таңертең аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан Чилас қаласында болған.


ERNUR.KZ. Пәкістанның Гилгит-Балтистан аймағында тұрғын үйдің шатыры құлап, кемінде тоғыз адам мерт болды. Бұл туралы Doon газеті жазды, деп жазады ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, оқиға жексенбі күні таңертең аймақтың солтүстік бөлігінде орналасқан Чилас қаласында болған. Оқиғаға балшықтан жасалған шатырдың тозығы жеткені себеп болған. Оқиға салдарынан сегіз бала мен бір әйел мерт болған. Басылым нақтылағандай, екі сағатқа созылған іздеу-құтқару жұмыстары кезінде олардың денелері үйінді астынан шығарылған.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Twitter арқылы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.