Егер мақұлданса, "Паксловид" таблетка түріндегі COVID-19-ға қарсы емдеуге арналған алғашқы дәрі болады.
ERNUR.KZ. АҚШ-та Pfizer фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ға қарсы тәжірибелік препаратты қолдануға рұқсат алуға өтініш берді, деп жазады Tengrinews.kz.
Компания мәліметінше, "Паксловид" препаратын (EUA) АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасына шұғыл қолдануға өтініш беруді аяқтаған.
Агенттік мәліметіне сүйенсек, ішке қабылдауға арналған дәрі пандемиямен күресте жаңа қару бола алады, өйткені оны ауруханаға жатқызу алдында және COVID-19-дан өлім жағдайын болдырмай алдын ала, үйде қабылдауға болады. Сондай-ақ, ол вакциналарға қолжетімділігі шектеулі немесе вакцинация деңгейі төмен елдер мен аудандарда маңызды құрал бола алады.
Егер мақұлданса, "Паксловид" таблетка түріндегі COVID-19-ға қарсы емдеуге арналған алғашқы дәрі болады. Америкалық реттеуші органдар Pfizer компаниясының өтініші бойынша қашан шешім қабылдайтыны әлі белгісіз. Бәсекелес Merck & Co және Ridgeback Biotherapeutics, "Молнупиравир" таблеткасын жасап, 11 қазанда EUA-ға өтініш берген.
FDA-ның сыртқы консультанттар тобы бұл өтінімді қарау үшін 30 қарашада жиналады. Препарат биыл сатылымға шығады деп күтіледі.
©REUTERS
Pfizer өкілі компания ұсынатын мәліметтер препаратты вакцина алмаған, жоғары қауіпті қатысушыларға тестілеу кезінде алынғанын айтты. FDA препараттың кімге көрсетілетіні және оны қалай қолдануға болатындығы туралы түпкілікті шешім қабылдайды. Pfizer келесі айдың аяғына дейін 180 мың емдеу курсын және 2022 жылдың аяғына дейін кемінде 50 миллион курс шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.