Польшада 1400 дүкені бар ірі сауда орталығы өртке оранды

0
581

Полиция зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.


Польшада 1400 дүкені бар ірі сауда орталығы өртке оранды

ERNUR.KZ. 12 мамыр күні таңертең Варшаваның Бялолека ауданында 1400 дүкен мен қызмет көрсету нүктелері орналасқан алып сауда орталығы өртке оранды, деп жазады Stan.kz



Өрт сөндіру қызметі орталықтың 80 пайыздан астамы өртеніп жатқанын хабарлады. 50 топ құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр. Оның ішінде химиялық және экологиялық құтқару мамандары да бар.

Жергілікті телеарналар таратқан кадрлардан аймақтан қою қара түтін көтерілгенін көруге болады. Билік варшавалықтарға өрт туралы ескертіп, терезелерін жауып үйден шықпауды ескертті.

Полиция зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.