Постсоветтік елдер арасында COVID-19 жетпеген бір ғана ел қалды

0
960

Осы уақытқа дейін екі елде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген еді.


Постсоветтік елдер арасында COVID-19 жетпеген бір ғана ел қалды

ERNUR.KZ. Тәжікстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл жайлы елдің коронавирус пандемиясы бойынша құрылған штабының шұғыл отырысында ресми түрде айтылды, деп жазады Sputnik Тәжікстан.

Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, Тәжікстандағы Суғд облысында 10 және Душанбе қаласында 5 адамнан коронавирус анықталған. Індет жұқтырғандармен байланыста болған 2 мыңға жуық адам бақылауға алынған.

Елде коронавирус дерегі тіркелгеннен соң студенттер демалысқа шықты. Ал адамдарға міндетті түрде бетперде тағу керектігі ескертілген және 10-шы мамырға дейін футбол чемпионаттары тоқтатылды. Жақын арада елге ДДСҰ арнай делегация келеді деп күтілуде.

Еске салайық, COVID-19 былтырғы жылдың соңында Қытайдың Хубэй провинциясының астанасы Уханьнан табылғаны белгілі. Содан кейін ол бүкіл елге жайылып, шетел асып, 210 елге жетті.

Тәжікстан соңғы уақытқа дейін коронавирус жетпеген аз елдерді бір еді. Ал қазір постсоветтік елдер арасында тек Түркіменстанда ғана коронавирус дерегі тіркелмеген.