​Президент сайлауы 31 наурызға белгіленді

0
1 070

8 ақпанда орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеуді аяқтап, президенттіктен үміткерлерді жариялайды.


​Президент сайлауы 31 наурызға белгіленді

ERNUR.KZ. Украина орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2019 жылдың 31 наурызына белгіледі. Президент сайлауы кампаниясы 31 желтоқсанда басталады.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну мен олардың құжаттарын қабылдау 3 ақпанда аяқталады. 8 ақпанда орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеуді аяқтап, президенттіктен үміткерлерді жариялайды.

31 наурызда кандидаттардың бірі 50 пайыздан көп дауыс жинағаны белгілі болса, онда дауыс берудің түпкілікті қорытындысы 10 сәуірге дейін жарияланады. Ал 31 наурыздағы дауыс беруде кандидаттардың бір де бірі 50 пайыздан асатын дауыс жинамаса, онда 21 сәуірде дауыс берудің екінші кезеңі өтеді. Екінші кезеңнің нәтижесі 1 мамырда жарияланып, ұлықтау рәсімі 31 мамырда өтеді.

Әлеуметтанушылар жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, жауап бергендердің 21 пайызға жуығы "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенкоға дауыс беруге дайын. Ықтимал кандидаттар арасындағы режиссер әрі шоумен Владимир Зеленскийге сауалнамаға қатысқандардың 13 пайызы дауыс беретінін айтады. Іс басындағы президент Петр Порошенкоға жауап бергендердің 11 пайызының дауыс беру ниеті бар.