Мерзімінен бұрынғы президент сайлауы туралы шешім ОСК отырысында қабылданды.
ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасында мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлау күні жарияланды, деп жазады Aikyn.kz.
Ортсайлауком төрағасы Нұржан Шайлдабеков атап өткендей, заң бойынша, егер Жогорку Кенеш Мемлекет басшысының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін бір апта ішінде мерзімінен бұрын Президент сайлауын тағайындамаса, олар осы мерзімнен кейін келесі күні ресми түрде тағайындалған болып саналады.
«Осыдан кейін сайлау комиссиясы екі күн ішінде сайлау күнін ресми түрде жариялайды. Заң бойынша олар Мемлекет басшысының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін үш ай мерзімде – 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін өткізілуі тиіс», – деді ол.
Нұржан Шайлдабеков сайлау әдетте демалыс күні өтетіндіктен, 10 қаңтар күнін белгілеу ұсынылатынын айтты. ОСК мүшелері бұл ұсынысты қолдады.