Ресей Федерациясында президент сайлауы заңға сәйкес 2024 жылдың 17 наурызында өтеді.
ERNUR.KZ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 2024 жылы өтетін сайлауға қатысты жауап берді, деп жазады stan.kz.
Песковтың сөзінше, Путин сайлауға қатысу-қатыспауы туралы әлі нақты шешім қабылдамаған.
"Бірақ президент өз кандидатурасын ұсынғанымен, елімізде бұл кезеңде ешкім онымен бәсекеге түсе алмайды", – деді ол РБК басылымына берген сұхбатында.
Ресей Федерациясында президент сайлауы заңға сәйкес 2024 жылдың 17 наурызында өтеді.
Дегенмен Путин сайлауға қатысуына қатысты пікір білдірмесе де, саяси науқанға қатысу құқығы Ресейдегі жағдайды тұрақтандыратынын мәлімдеген.