Төтенше жағдай техник ұшақты тексеріп жатқан кезінде орын алған.
ERNUR.KZ. Ресейде Екатеринбургтегі Кольцово әуежайында “Орал авиакомпаниясының" ұшағы бір адамды басып кетті, деп жазады stan.kz.
Төтенше жағдай техник ұшақты тексеріп жатқан кезінде орын алған.
"Техник шассиді тексеріп, бәрі дұрыс деп құжаттарға қол қойған. Алайда ұшпас бұрын тағы бірнеше тексеру жүргізуі керек болған. Алайда “Екатеринбург–Бішкек” рейсінің ұшқышы сигналды күтпестен жүріп кеткен", - деп хабарлайды басылым.
Түрлі жарақат алған маман ауруханаға жеткізілген. Ұшақтың бүкіл экипажы тоқтатылып, үш сағаттан кейін бағыт бойынша басқа борт ұшқан.