Ресей Байденнің отбасына шектеу енгізді

0
550

Нақтырақ айтқанда, америкалық президенттің жұбайы Джил Байден мен оның қызы Эшли Байден ресейлік "стоп-параққа" енді.


Ресей Байденнің отбасына шектеу енгізді

ERNUR.KZ. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың 25 азаматына, оның ішінде Ақ үй басшысы Джо Байденнің отбасына қарсы санкциялар енгізді. Оларға Ресей аумағына кіруге тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресейдің саяси және қоғам қайраткерлеріне қарсы салынып жатқан америкалық санкциялардың көбеюіне байланысты Ресейге қарсы шектеулерге қатысты ұсыныстар дайындаумен айналысатын "Макфол-Ермак" тобының мүшелері, сенаторлардың русофобиялық бағытын қалыптастыруға жауапты 25 америкалық азамат "стоп-параққа" енгізіледі", – деді ведомство хабарламасында.

Нақтырақ айтқанда, америкалық президенттің жұбайы Джил Байден мен оның қызы Эшли Байден ресейлік "стоп-параққа" енді. Сонымен қатар Стэнфорд университетінің профессоры, философ және саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма да Мәскеудің санкцияларына ұшырады.

Бұған дейін АҚШ Ресейдің 500 лауазымды тұлғасына "Украинаның егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қауіп төндіргені үшін" визалық санкциялар енгізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған болатын.