Шектеу жанармай өндірушілерге де, оны өндірмейтін компанияларға да қолданылады.
ERNUR.KZ. Ресей үкіметі бензин экспортына қойылған тыйымды жыл соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РФ Премьер-министрінің орынбасары Александр Новак мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Шектеужанармай өндірушілерге де, оны өндірумен айналыспайтын компанияларға да қатысты болады. Тиісті шешім жанармай нарығындағы ахуалға арналған арнайы штаб отырысында қабылданған.
Сонымен қатар, дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды нарық тұрақтанғаннан кейін алып тастау жоспарланып отыр. Новактың айтуынша, бұл мұнай өңдеу кәсіпорындарының өнімнің шамадан тыс жиналып қалуы мен өңдеу көлемінің қысқаруы қаупіне тап болмауы үшін қажет.
Бұған дейін вице-премьер жаз мезгілінде Ресейдің кейбір өңірлерінде логистикалық өзгерістерге байланысты жанармай жеткізуде іркілістер болғанын айтқан еді. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында билік бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға шектеу қоюды қоса алғанда, бірқатар шара қабылдады.
Қазіргі уақытта жанармай экспортын шектеу 31 шілдеге дейін белгіленген.


