Ресей Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағынан ғарыш құрылғысы бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылды.
ERNUR.KZ. Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуе-ғарыш күшінің зымыраны сәтті ұшырылған, деп жазады Экспресс К.
"Ғарыш аппараты орбитаға штаттық режимде шығарылды. Қазіргі таңда ол жерден басқарылып отыр. Ғарыш аппаратына "Космос-2553" реттік нөмірі берілді. "Космос-2553" технологиялық ғарыш аппараты радиация мен ауыр бөлшектердің ықпал ету жағдайында қажетті борттық құрал-саймандармен және жүйемен жабдықталған", - деп жазылған Роскосмос таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 15 ақпанында Байқоңырдан осы жылдың алғашқы зымыраны ұшырылмақ.