Бортта 236 жолаушы болған және қону сәтті өтті.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Шарм-эль-Шейхтен Екатеринбургке ұшқан "Урал әуе жолдары" компаниясының ұшағы ұшып шығу әуежайына шұғыл қонды, деп жазады zakon.kz.
Мысырдың Азаматтық авиация министрлігі амалсыз қонуға техникалық ақау себеп болғанын айтты.
Бортта 236 жолаушы болған және қону сәтті өтті.
Бір күн бұрын Ресейде жолаушылары бар ұшақ қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткен.
Ал 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның 29-ы аман қалған. 29 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев құлаған ұшақтан жолаушыларды құтқаруда батылдық пен кәсібилік көрсеткен қазақстандықтардың қалың тобын марапаттады.
30 желтоқсанда Қазақстан қара жәшіктерді Бразилияға жібергені белгілі болды.