Ресейде алтыншы сынып оқушысы мектебіне оқ жаудырды

0
784

Ол өзін қатты ренжіткен қыз балаға жазасын бермек болыпты.


Ресейде алтыншы сынып оқушысы мектебіне оқ жаудырды

ERNUR.KZ. Ресейдің Пермь аймағында 12 жастағы оқушы мектепте оқ атты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алтыншы сынып оқушысы «Сайга» карбинасынан екі оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Қазір полицейлер оқушымен сөйлесіп жатыр. Ол қаруды әкесінен ұрлап алғанын мойындады. Өзін қатты ренжіткен қыз балаға жазасын бермек болыпты.

Baza-ның анықтауынша атыс кезінде жасөспірім: «Құдай маған кірді!» деп дауыстаған. Мектеп директоры қауіптің алдын алып, оқушыны өзінің кабинетіне шақырған.

Айта кетейік, 20 қыркүйекте Пермьдегі университетте атыс болған. Салдарынан алты адам қаза тауып, 40-тан астамы жарақат алды. Оны ұстау кезінде атыс ұйымдастырған студент қатты жарақат алды.

Ресейде 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында 15,8 мың адам қылмыстан қайтыс болды, ал 22 мыңнан астам адамның денсаулығына ауыр зиян келген.