Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ.
ERNUR.KZ. Қазақстанның ІІМ өртке қарсы қызметінің 62 жастағы подполковнигі Санк-Петербургте жасалаған шабуылдан қаза тапты. Мұндай жаңалықты ресейлік басылымдар жариялауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайтыс болған қазақстандық офицердің аты Вячеслав Джексенов. Джексеновке 21 қаңтарда шабуыл жасалған. Болжам бойынша, белгісіз біреулер оған арқа тұсынан бірнеше соққы жасаған.
Джексеновты шұғыл ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер зардап шегушіден бас жарақатын анықтаған. Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болған.
Ресейлік дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасаған. Алайда қазақстандық подполковникті аман алып қалу мүмкін болмаған. Джексенов ауруханаға жеткізілген соң бір сағаттан кейін көз жұмған.
Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ. Хабарламада қылмыс болған жерден темекі тұқылдары табылғаны айтылған. Тәртіп сақшылары оларды дәлел ретінде алған. Алайда шабуыл болған жерде ешқандай бейнебақылау камералары болмаған.
"Журналистские расследования" ақпараттық агенттігі Джексеновтың Қазақстанның ІІМ ТЖК-де жұмыс істегенін хабарлаған. Соңғы жылдары ол зейнеткерлік демалыста болыпты.
Ер адам 6 жыл бұрын Ресейдің солтүстік астанасына көшіп, сонда кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысқан.