Ресейде мектеп ғимараты опырылды: не белгілі?

0
237

Оқиға Жаңасібір облысындағы Татарск қаласында болған.


Ресейде мектеп ғимараты опырылды: не белгілі?

фото: Видео кадры

ERNUR.KZ. Ресейде жалпы білім беретін мектеп ғимараты опырылды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Жаңасібір облысындағы Татарск қаласында жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында (Астана уақытымен 09:40 - еск.) болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде мектеп ішінде балалар болмаған.



Алдын ала мәлімет бойынша, ТЖМ ғимараттың опырылуынан ешкім зардап шекпегенін айтты.

"Ғимараттың бір бөлігі опырылған сәтте ішінде адамдар болмаған. Оқиға орнында арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр", – делінген ТЖМ хабарламасында.