Ресейде оқушы кәмпит жеп көз жұмды

0
322

Қыз кәмпит жегеннен кейін бірнеше рет құсқан.


Ресейде оқушы кәмпит жеп көз жұмды

ERNUR.KZ. Ресейдің Новосібір облысында бастауыш сынып оқушысы аш қарынға кәмпит жегеннен кейін қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

Kp.ru ақпараты бойынша қыз кәмпит жегеннен кейін бірнеше рет құсқан. Ересектер дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер келгенше желідегі маманның нұсқауын орындаған.

Бала бірден жансақтау бөліміне түсті. Алайда қанша тырысып баққанмен дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге "улану" себеп болған. Қазіргі уақытта жағдайды аймақ бойынша тергеу комитеті басқармасының қызметкерлері қолға алған. Олар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізеді.