Ол 160 мың рубль көлемінде пара алды деген күдікке ілініп, тұтқындалған.
ERNUR.KZ. Иркутск облысы және Бурятия бойынша Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызмет басқармасы басшысының тұтқындалған орынбасары Владимир Журавлев тергеушілердің көзінше айғақтардың бірін жеп қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Журавлевтің үстелде тұрған қағазды аузына салып, шайнай бастаған сәті видеоға түсіп қалған.
Агенттіктің мәліметінше, Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызмет басқармасы басшысының орынбасары 160 мың рубль көлемінде пара алды деген күдікке ілініп, тұтқындалған.