Ресейде жолаушылары бар ұшақ құлады: Қалдықтары жанып жатыр

0
180

Ұшақ бортында 48 адам болған.


Ресейде жолаушылары бар ұшақ құлады: Қалдықтары жанып жатыр

ERNUR.KZ. Амур облысында жоғалған Ан-24 ұшағының қалдықтары табылды. Фюзеляж жанып жатыр, жолаушылардың тағдыры белгісіз, деп жазады baq.kz.

Благовещенск–Тында бағыты бойынша ұшып бара жатып жоғалып кеткен Ан-24 жолаушы ұшағының қалдықтары Тында қаласынан 15 шақырым жердегі Кувыкта елді мекені маңынан табылған.

Telegram-арнаның хабарлауынша, ұшақтың фюзеляжы қираған және жанып жатыр. Әзірше тірі қалғандар туралы ақпарат жоқ.

Ұшақ бортында 48 адам болған. Олардың ішінде бес бала, төрт экипаж мүшесі және әуе компаниясының екі қызметкері бар.

Ұшақ "Ангара" әуе компаниясына тиесілі. Ол Благовещенск қаласынан жергілікті уақытпен сағат 11:00-де ұшқан.

Тында қаласына қону кезінде екінші айналымға кетіп, байланысқа шықпай қалған.

Бұған дейін апатты жағдайда іске қосылуы тиіс радиомаяктардың істемей қалғаны туралы хабарланған еді. Бұл іздестіру жұмыстарын қиындатқан. Апатқа байланысты ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта апат орнына құтқарушылар жөнелтілді. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.