Ұшақ бортында 86 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болғаны нақтыланады.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Red Wings әуе компаниясының Ереванға ұшып шыққан ұшағы Ресейдің оңтүстігіндегі Минеральные Воды қаласының әуежайына апатты жағдайда қонды, деп жазады zakon.kz.
"Известия" басылымы ұшақтың кері оралуына кондетсат жүйесіндегі ақау себеп болған, деп РФ ТЖМ-ның Ставрополь өлкесіндегі Бас басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұшақ бортында 86 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болғаны нақтыланады. Зардап шеккендер жоқ.