Запировтың Instagram парақшасында 8 миллионға жуық оқырман бар, ол түрлі пранк және автомобиль тақырыбына видеолар түсіреді.
ERNUR.KZ. Ресейдің ішкі істер министрлігі Дағыстаннан келген блогер Хизри Запиров (Хиза) пен оның PR-директорына федералды іздеу жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.
"Екеуі де қылмыстық кодекстің белгілі бабы бойынша ізделеді", - делінген хабарламада.
Хизаның PR-директоры Лусик Карапетян да іздеуде, оған Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабы бойынша айып тағылған. Екеуі нақты қандай бап бойынша іздестіріліп жатқаны айтылмайды.
Запировтың Instagram парақшасында 8 миллионға жуық оқырман бар, ол түрлі пранк және автомобиль тақырыбына видеолар түсіреді.
Лусик Карапетян - Запировтың PR директоры, оның әлеуметтік желіде 800 мыңға жуық оқырманы бар.