Ресейдің оңтүстігін шаңды дауыл басты

0
187

Шаңды дауыл аймағы Астрахань, Волгоград, Ростов облыстары, Қалмақстан, сондай-ақ Дағыстан мен Ставропольені қамтыған.


Ресейдің оңтүстігін шаңды дауыл басты

Фото: ТАСС

ERNUR.KZ. Ресейдің Оңтүстік федералды округінің бірнеше аймағын шаңды дауыл басты. Күн райының қолайсыздығына байланысты федералды жолдарда көріну қиындап, электр желілерінің үзілуі, сондай-ақ ірі ландшафттық өрттер тіркеліп жатыр, деп жазады inform.kz.

Осылайша, Волгоград облысының бірнеше ауданында өрт сөндірушілер 1,5-30 га аумақта жанған шөп пен ағашты сөндіріп жатыр. ТЖМ өңір бойынша мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, жалынмен күресті қатты соққан жел қиындатып отыр.

Ростов облысының мемлекеттік автоинспекциясы да жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге құмды дауыл салдарынан жолдардағы қиындықтар туралы ескертті. Ведомствоның мәліметінше, ландшафты өрт пен қатты желдің салдарынан М-4 «Дон» тасжолының учаскесі түтіндеп тұр.

Сонымен қатар, шаңды дауыл Астрахань облысында байқалды. Ал Қалмақстанда куәгерлер күшті жел салдарынан электр желілері үзілгенін хабарлады.

«Фобос» орталығының мәліметінше, шаңды дауыл аймағы Астрахань, Волгоград, Ростов облыстары, Қалмақстан, сондай-ақ Дағыстан мен Ставропольені қамтыған.

Шаңды дауыл Луганск халық республикасының кем дегенде екі муниципалитетіне де соқты. Қаладағы жолдарда көру нашарлап, түтін пайда болды. Луганск қаласында және республиканың бірнеше муниципалитетінде қатты жел соғып тұр.