Ресейдің тағы 3 банкі SWIFT-тен ажыратылды

0
543

Наурызда да Ресейдің бірнеше ірі қаржы ұйымы SWIFT жүйесінен ажыратылған болатын.


Ресейдің тағы 3 банкі SWIFT-тен ажыратылды

ERNUR.KZ. ЕуроОдақ бүгіннен бастап Ресейдің тағы 3 банкін SWIFT халықаралық жүйесінен ажыратты, деп жазады 24.kz.

Олардың арасында Сбербанк, Мәскеу кредит банкі және Ресей ауылшаруашылығы банкі бар.

Қаржы ұйымдарының өкілдері тұтынушыларын «бұл өзгеріс Ресей ішіндегі операцияларға еш әсер етпейді» деп жұбатып әлек. Сондай-ақ бір беларус банкі де «қара тізімге» іліккен.

Естеріңізге сала кетейік, наурызда да Ресейдің бірнеше ірі қаржы ұйымы SWIFT жүйесінен ажыратылған болатын.