Бұл сәт анық болмаса да, бейнежазбаға жазылып қалған.
Фото: tvspb.ru
ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта баланың жансақтау бөлімінде жатқаны жайлы дерек, деп жазады inbusiness.kz.
Жантүршігерлік оқиға 22 ақпан күні Санкт-Петербургте болған. Аула сыпырушының 7-қабаттан құлап келе жатқан баланы қағып алған сәті әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл іс-әрекет құлаған баланың жарақатын едәуір жеңілдетті деуге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары да құтқарушыны батырға теңеп, бата-тілектерін жаудырып жатыр. Арада көп уақыт өтпей аула сыпырушы баланы подъезге кіргізіп, дәрігерлерге тапсырған. Құтқарушы Өзбекстаннан келген 36 жастағы еңбек мигранты Хайрулло Ибадуллаев болып шықты.
РЕН ТВ эфирінде ол құтқару кезінде қолын және қабырғасын сындырғанын айтқан. Телеарна мәліметіне сай, анасы баланың жоғалғанын шамамен 10 минуттан соң ғана байқаған. Анасы ас бөлмесінде болған, ал бала аутизм диагнозымен ауырады. Ол планшетпен ойнап отырып, әрі қарай өз бетінше терезені ашқан.
Қазір баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Құтқарушы өзбек азаматына 1 миллион рубль сыйға тартылып отыр.


