Сауд Арабиясы Иранмен соғысуы мүмкін

0
1 577

Ханзада Мухаммед бен Салман Аль Сауд алдағы 10-15 жылда Иранмен соғыс болуы ықтимал екенін айтты. Эр-Рияд Тегеранды "заңсыз қару тасымалдамақ болған" дегенді алға тартады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында тақ мұрагері «Мұндай қауіптің алдын алу шараларын біздер бастап қойдық. Әйтсе де, Тегеран бұл әрекетімізді түсінбесе соғыс болуы әбден мүмкін. Сол үшін халықаралық қауымдастықты Тегеранға қатаң санкция салуға шақырамын»,- деді Сауд Арабиясының ханзадасы.

Естеріңізге салайық, 2014 жылдан бері екі ел арасында қару мәселесіне байланысты кикілжің орын алып, қақтығыстарға да жол беріліп жатыр.