Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 2 адам көз жұмды

0
46

Тағы 8 адам жарақат алды.


Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 2 адам көз жұмды

Фото: ANI

ERNUR.KZ. Даммам қаласындағы король Фахд атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан 2 адам қаза тапты. Олардың арасында Үндістан азаматы бар, деп жазады inbusiness.kz.

Сауд Арабиясының азаматтық авиация бас басқармасының мәліметінше, оқиға 21 қазан күні кешке болған. 2 адам қаза тауып, тағы 8 адам жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың қатарында Йемен, Ливан, Бангладеш және Үндістан азаматтары бар.

GACA өкілдері атап өткендей, шабуыл салдарынан келтірілген шығын бағаланып жатыр. Жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданған.

Әуежайдағы жұмыстар қайта жанданып, әуе қатынасы жалғасты. Азаматтық авиация бас басқармасының шабуылдың қалай жасалғаны және оны кім ұйымдастырғаны туралы ақпарат берген жоқ.

Йеменнің заңды үкіметін қолдайтын Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы осы аралықта елдің шығысында 4 дрон атып түсірілгенін хабарлады. Йемендегі азаматтық соғыс 2014 жылдың қыркүйегінен бері жалғасып келеді.