Әйел 2013, 2016 және 2018 жылы дүниеге келген қыздарымен жүк пойызының астына түскен.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда 31 жасар әйелдің өлімі қоғамдық резонанс тудырды, деп жазады Stan.kz.
ZorTV телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 наурыз күні Науаи облысы Совунгар махалласында орын алды. Әйел 2013, 2016 және 2018 жылы дүниеге келген қыздарымен жүк пойызының астына түсіп қайтыс болған. Олар теміржол рельсінің бойына жатқан. Салдарынан әйел қайтыс болды.
Бір ақпарат көзі қыздары да қайтыс болды десе, басқасы балалары аман қалған деп хабарлайды. Яғни қыздары анасының қолынан сырғып үлгерген.