Шарша алаңда мерт болған боксшы басқа біреу болып шығып, дау туды

0
897

Дәрігерлер қанша жерден барлық күш-жігерін салса да оны аман алып қала алмады.


Шарша алаңда мерт болған боксшы басқа біреу болып шығып, дау туды

ERNUR.KZ. Албанияда шаршы алаңда мерт болған спортшы бөтен біреу болып шығып, бокс қауымдастығының басы бәлеге қалды, деп жазады zakon.kz.

21 қыркүйекте БАҚ беттерінде 21 жастағы болгариялық Исус Величков (0-5) албаниялық Ардита Мурджимен (4-1) жұдырық түйістіріп, шаршы алаңда есінен танып, дәрігерлер қанша жерден барлық күш-жігерін салса да оны аман алып қалмағаны туралы жазылды. Кейіннен көз жұмған спортшының Величков емес екені белгілі болды.

Болгария кәсіпқой бокс одағы қайтыс болған боксшының жанында Величковтың жеке куәлігі болғанын, бірақ іс жүзінде бұл басқа болгар азаматы Борис Станчев болып шыққанын мәлімдеді.

"Біз Станчевтің кәсіби лицензия алу үшін шетелдік құжаттарды пайдаланғанын, ол шетелде сол жеке куәлігімен бірнеше рет спорттық іс-шараларға қатысқан деп пайымдап отырмыз. Одақ пен ресми органдар мұндай алаяқтық әрекеттің себебін әлі алда анықтайтын болады. Бұл іс бойынша қажетті мәліметтер пайда болғанда бокс одағы ол жайында ресми мәлімдеме жасайды", делінген хабарламада.


BoxRec ақпарат базасында өзін боксшы қып көрсеткен Станчев туралы мәлімет мүлде жоқ. Сол себепті бокс статистикасы порталында Величков қайтыс болған деп саналады.

Куәгерлер арты қазамен аяқталған бұл кездесу қос боксшының бір-бірімен аңдысуымен басталғанын айтады. Бір уақытта Станчевтің аяғы ауыр қозғала бастап, қарсыласына мүмкіндіктің пайда болғанын аңғартқан. Иә, қарсыласы да мұндай ұрымтал сәтті жіберіп алмай, "джеб" жасайды. Біраздан кейін соққы алған боксшы артқа құлап, есінен танып қалады. Оның өліміне осы рингтегі жарақаты себеп болды ма, әлде бұрын да денсаулығында кінәраты болды ма, оны дәрігерлер анықтайтын болады.